https://sputnik.kz/20251023/qoqys-toly-las-uy-atyrauda-ata-anasymen-eki-buldirshin-adam-tozgisiz-paterde-turyp-kelgen-58141049.html
Қоқыс толы лас үй: Атырауда екі бүлдіршін адам төзгісіз пәтерде тұрып келген
Қоқыс толы лас үй: Атырауда екі бүлдіршін адам төзгісіз пәтерде тұрып келген
Sputnik Қазақстан
Көршілері пәтерден шыққан сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға бірнеше рет шағымданған 23.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-23T09:56+0500
2025-10-23T09:56+0500
2025-10-23T10:00+0500
атырау
баспана
отбасы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33299445_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_9a018a404216c020d47e1d5608eaf518.jpg
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Атырауда ерлі-зайыпты мен екі қызы қоқысқа толған үйде тұрып жатыр. Жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Атырау қаласы 5 мөлтек ауданындағы 16 үйдің тұрғындары пәтерден шыққан сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға бірнеше рет шағымданған.Қаласы әкімдігіне қарасты Отбасын қолдау орталығының мамандары отбасын уақытша "Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына" орналастырылды. "Кәмелет жасына толмаған 2 және 5 жастағы балалар қауіпсіздік мақсатында тиісті мекемелерге орналастырылды. Балалар орналастырылған мекеме "Сәбилер үйі" және облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы", - дейді ведомство. Қазіргі уақытта отбасы мамандардың бақылауында, қажетті әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20240715/almatyda-qoqystan-narestenin-mayiti-tabyldy-45650081.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33299445_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_2f41cbfe5a8e7859beb90202a046c98a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, баспана, отбасы
Қоқыс толы лас үй: Атырауда екі бүлдіршін адам төзгісіз пәтерде тұрып келген
09:56 23.10.2025 (жаңартылды: 10:00 23.10.2025) Көршілері пәтерден шыққан сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға бірнеше рет шағымданған
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Атырауда ерлі-зайыпты мен екі қызы қоқысқа толған үйде тұрып жатыр. Жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атырау қаласы 5 мөлтек ауданындағы 16 үйдің тұрғындары пәтерден шыққан сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға бірнеше рет шағымданған.
"Пәтерді тексергенде антисанитарлық жағдай анықталды. Онда ерлі-зайыпты мен екі бүлдіршін қызы тұратын болып шықты. Отбасы әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет етеді. 22 қазанда полиция басқармасының шақыртуымен "Арнаулы автобаза" серіктестігінің қызметкерлері пәтерді қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді", - дейді қалалық әкімдік.
Қаласы әкімдігіне қарасты Отбасын қолдау орталығының мамандары отбасын уақытша "Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына" орналастырылды.
"Кәмелет жасына толмаған 2 және 5 жастағы балалар қауіпсіздік мақсатында тиісті мекемелерге орналастырылды. Балалар орналастырылған мекеме "Сәбилер үйі" және облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта отбасы мамандардың бақылауында, қажетті әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.