Өзбекстан метросында жігіттерге тиіскен алматылық блогерге қатысты іс қозғалды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Метро Алматы
Метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Бұған дейін де блогер қыз Қытайда жергілікті тұрғындармен жөнсіз қалжың әрекеті үшін ескерту алған болатын
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Өзбекстанда метрода жігіттердің қолынан ұстап, пранк жасаған блогер қыз жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желіде таратқан қазақстандық блогер Аружан Айбековаға қатысты тексеру жүргізді.

"Ол Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.

"Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады", - дейді полициядағылар.
Бұған дейін де блогер қыз Қытайда жергілікті тұрғындармен жөнсіз қалжың әрекеті үшін ескерту алған болатын. Ол кезде блогер қытайларға "ұрлық жасады" деп айыптап, пранк жасаған.
Астаналық блогер бейәдеп сөйлегені үшін 15 тәулікке қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2025
Астаналық блогер бейәдеп сөйлегені үшін 15 тәулікке қамауға алынды
Жаңалықтар
0