"Менің атым - Қазақстан": елмен аттас қазақстандықтар саны қанша

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области "Менің атым - Қазақстан": елмен аттас қанша қазақстандық бар
Менің атым - Қазақстан: елмен аттас қанша қазақстандық бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Қазақстан есімді тұрғынның үлкені - 92 жаста
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Республика күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімдігі Қазақстан есімді тұрғын туралы жазба жариялады.
Қазақстан есімді қарағандылықтың жасы отызда. Ол өмірінде өзімен аттас адамды кездестірмегенін айтады. Бір қызығы Қазақстанның тегі де ерекше - Жарқын болады.
Қарағандылық жігіт ел құрметіне қойылған есім оның мінезі мен көзқарасын қалай қалыптастырғанын және өмір жолын қалай айқындағанын айтып берді.
© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области "Менің атым - Қазақстан": қарағандылық жігіт есімінің тағдырына әсері жайлы айтты
Полицейский Казахстан Жаркын из Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
"Менің атым - Қазақстан": қарағандылық жігіт есімінің тағдырына әсері жайлы айтты
Жарқын Қазақстан 1995 жылы дүниеге келген. Сәбиге бұл есімді 90 жастағы әжесі қойған.
"Бұл есім менің өміріме өз таңбасын қалдырды. "Қазақстан" деген атты алып жүру — үлкен жауапкершілік. Тіпті мамандығымды да осы есімім айқындаған шығар деп ойлаймын", — дейді ол.
Бүгінде Қазақстан жедел уәкіл болып қызмет атқарады. Өз ел игілігі үшін еңбек ететінін мақтан тұтады. Қызметінен тыс уақытта ол спортпен де белсенді шұғылданады. Қазақша күрестен спорт шеберлігіне үміткер, түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері.
"Турнирлерде менің есіміме әрдайым назар аударады. "Жарқын Қазақстан!" деп жариялаған сәтте бәрі айналасына қарап, "бұл кім екен?" деп іздей бастайды. Адамдар таңырқап, есімімді есте сақтап қалады, — дейді Қазақстан.
Десе де, "Қазақстан" есімді қарағандылық жалғыз емес. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде Қазақстан атты 28 адам тұрады. Олардың көпшілігі Қарағанды облысында тұрады. Өңірде Қазақстан есімді жеті адам бар.
Екінші орында Ақмола облысы – алты адам. Астана мен Қостанай облысында үш адам тұрады. Шымкентте, сондай - ақ Алматы мен Маңғыстау облыстарында екі адам. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір тұрғыннан.
28 адамның ішінен Қазақстан есімін бір нәзік жанды арқалап жүр. айта кету керек, ең үлкен Қазақстан есімді тұрғын 92 жаста, ең жасы – 25 жаста.
Абай - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2025
Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар
Жаңалықтар
0