Алматыдан Мәскеуге тікелей қатынайтын пойыздар жүре бастайды

© Photo : РЖДРесей темір жолы
Ресей темір жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Тікелей пойыздар күнара жүреді және жол жүру уақыты шамамен 3,5 күнді құрайды
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Ресей темір жолдары сегіз жылдан кейін Мәскеу мен Алматы арасындағы тікелей теміржол қатынасын қайта іске қосады.
Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің теміржол әкімшіліктері келісті, делінген компанияның мәлімдемесінде.
Алғашқы пойыз Алматыдан 26 қазан күні сағат 20:00-де жолға шығады.
Мәскеуден пойыз 30 қазан күні сағат 19:27-де жолға шығады.
Тікелей пойыздар күнара жүреді және жол жүру уақыты шамамен 3,5 күнді құрайды.
Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы 2017 жылы тоқтатылған.
Токаев и Путин на Евразийском экономическом форуме - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынасқа 33 жыл толды
Жаңалықтар
0