"Жақын арада жариялаймыз": үкімет инфляцияны төмендетуге кірісті

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Жазылу
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 12,9 процент болған
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов қазіргі инфляцияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 12,9 процент болған.
"Ол, біздің пікірімізше, тым жоғары көрсеткіш. Оны төмендету керек және осы бағытта біз ұлттық банкпен бірлесіп тиісті шаралар жоспарын дайындап жатырмыз. Ол дайын болған кезде жақын арада халыққа жариялаймыз", - деді Бектенов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, биыл жалпы құны 1,5 трлн теңгенің 190 ірі индустриялық жобасы іске қосылады. Ал барлық салада 1 681 ірі жоба іске асырылып жатыр. Соның аясында 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.
Айта кетері, бұған дейін үкімет инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін бірқатар шектеу шараларын енгізуге шешім қабылдаған болатын.
Пожилые люди покупают продукты на рынке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Он жеті өңірде инфляция күшейді – Ұлттық банк
Жаңалықтар
0