https://sputnik.kz/20251022/astana-soty-it-mamannyn-aliment-kolemin-azaytu-turaly-otinishin-oryndamady-58070958.html
Астана соты IT-маманның алимент көлемін азайту туралы өтінішін орындамады
Астана соты IT-маманның алимент көлемін азайту туралы өтінішін орындамады
Sputnik Қазақстан
Бала мүгедек болғандықтан тұрақты күтімді қажет етеді 22.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-22T08:00+0500
2025-10-22T08:00+0500
2025-10-22T08:00+0500
астана
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астана қаласының ювеналды соты алимент көлемін азайтуды сұраған IT маманының арызын қарады. Ер адам аяғындағы қан тамырларына ота жасатып, ұзақ уақыт оңалтудан өткеннен кейін табысы азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тараптар бұған дейін алимент төлеу туралы келісім жасасқан, оған сәйкес талап қоюшы кәмелетке толмаған баланы асырауға ай сайын 45 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген.Сот бала кішкентай кезінен мүгедек екенін, анасы жұмыс істемейтінін және оған тұрақты түрде күтім жасайтынын анықтады.Сонымен қатар сот талап қоюшының IT технологиялар саласының маманы екенін және оның жұмысы физикалық жүктемемен байланысты еместігін ескерді.Сондықтан аяқ-қол тамырларының ауруы оның еңбек қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірмейді. Ол соңғы жұмыс орнынан өз еркімен босатылған, алайда оның біліктілігі ескеріле отырып, соның ішінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар екені анықталды.Осыған байланысты сот талап қоюшының материалдық жағдайы елеулі түрде өзгермеген және оның алиментті келісімде көзделген мөлшерде төлеу мүмкіндігі бар деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, бұл мәселені шешу кезінде баланың мүддесі мен оның лайықты қамтылу құқығы басымдыққа ие болғаны аталыпп өтті.Сондай-ақ іс қаралған сәтте талап қоюшының такси қызметінде жұмыс істегені, алимент бойынша берешегі болмағаны және келісімде көзделген мөлшерден артық төлемдер жасағаны анықталды.Ұсынылған дәлелдемелердің негізінде сот алимент төлеу шарттарын өзгерту және олардың мөлшерін азайту туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.Шешім заңды күшіне енген жоқ.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот үкімі
Астана соты IT-маманның алимент көлемін азайту туралы өтінішін орындамады
Бала мүгедек болғандықтан тұрақты күтімді қажет етеді
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астана қаласының ювеналды соты алимент көлемін азайтуды сұраған IT маманының арызын қарады. Ер адам аяғындағы қан тамырларына ота жасатып, ұзақ уақыт оңалтудан өткеннен кейін табысы азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар бұған дейін алимент төлеу туралы келісім жасасқан, оған сәйкес талап қоюшы кәмелетке толмаған баланы асырауға ай сайын 45 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген.
"Талап қоюшы қан тамырлары ауруына шалдығып, ота жасатып, ұзақ уақыт оңалтудан өткенін, осыған байланысты табысының едәуір азайғанын көрсетіп, келісім шарттарды өзгертіп, алимент мөлшерін барлық табыс түрінің ¼ бөлігі көлемінде белгілеуді сұраған", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сот бала кішкентай кезінен мүгедек екенін, анасы жұмыс істемейтінін және оған тұрақты түрде күтім жасайтынын анықтады.
Сонымен қатар сот талап қоюшының IT технологиялар саласының маманы екенін және оның жұмысы физикалық жүктемемен байланысты еместігін ескерді.
Сондықтан аяқ-қол тамырларының ауруы оның еңбек қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірмейді. Ол соңғы жұмыс орнынан өз еркімен босатылған, алайда оның біліктілігі ескеріле отырып, соның ішінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар екені анықталды.
"Іс материалдарынан талап қоюшының атына жылжымайтын мүлік пен автокөлік тіркелгені, сондай-ақ банк үзінділерінен оңалту кезеңінде де оның шотына тұрақты түрде ақша қаражаты түсіп отырғаны көрсетілді", - дейді сот мамандары.
Осыған байланысты сот талап қоюшының материалдық жағдайы елеулі түрде өзгермеген және оның алиментті келісімде көзделген мөлшерде төлеу мүмкіндігі бар деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, бұл мәселені шешу кезінде баланың мүддесі мен оның лайықты қамтылу құқығы басымдыққа ие болғаны аталыпп өтті.
Сондай-ақ іс қаралған сәтте талап қоюшының такси қызметінде жұмыс істегені, алимент бойынша берешегі болмағаны және келісімде көзделген мөлшерден артық төлемдер жасағаны анықталды.
Ұсынылған дәлелдемелердің негізінде сот алимент төлеу шарттарын өзгерту және олардың мөлшерін азайту туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.