https://sputnik.kz/20251021/ulybritaniya-qanday-zhagdayda-ukrainaga-asker-zhiberetinin-malimdedi-58070742.html
Ұлыбритания қандай жағдайда Украинаға әскер жіберетінін мәлімдеді
Ұлыбритания қандай жағдайда Украинаға әскер жіберетінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ұлыбритания қорғаныс министрі Джон Хили Украинадағы қақтығыс бойынша бейбіт келісімге қол жеткізілсе, Лондон Украинаға әскери... 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T09:25+0500
2025-10-21T09:25+0500
2025-10-21T09:25+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_263:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_cf0d077182e203f19ee71edb5e1bc6da.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ұлыбритания қорғаныс министрі Джон Хили Украинадағы қақтығыс бойынша бейбіт келісімге қол жеткізілсе, Лондон Украинаға әскери контингент жіберуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Министрдің айтуынша, егер бейбітшілікке қол жеткізілетін болса, Лондон Украинаға ықтимал әскер жіберуге дайындық үшін "миллиондаған" фунт стерлинг бөліп үлгерген. Қорғаныс министрлігінің басшысы британ контингентін Украинаға орналастырудың жалпы құнын 100 миллион фунт стерлингке (134 миллион доллар) бағалады.16 қазанда Ресей және АҚШ президенттері Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Әңгімелесуден кейін Трамп Будапеште Путинмен жеке кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.Осыдан кейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Будапештегі саммитке дайындық бойынша ұйымдастыру комитеті құрылғанын хабарлады. Венгрия премьер-министрі Ресей-АҚШ саммитінің Украинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі жоғары екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_1106:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_a4d9085030b91fd532626f02942fe15f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ұлыбритания қандай жағдайда Украинаға әскер жіберетінін мәлімдеді
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ұлыбритания қорғаныс министрі Джон Хили Украинадағы қақтығыс бойынша бейбіт келісімге қол жеткізілсе, Лондон Украинаға әскери контингент жіберуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости. "Егер АҚШ президенті Дональд Трамп бейбіт келісімге қол жеткізе алса, біз ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайынбыз, бұл бізден инвестицияны және күш салуды талап етеді. Кир Стармер (Ұлыбритания премьер-министрі - ред.) британ әскерін Украинаға жіберуге дайын екенін мәлімдеді", - деді Хили.
Министрдің айтуынша, егер бейбітшілікке қол жеткізілетін болса, Лондон Украинаға ықтимал әскер жіберуге дайындық үшін "миллиондаған" фунт стерлинг бөліп үлгерген. Қорғаныс министрлігінің басшысы британ контингентін Украинаға орналастырудың жалпы құнын 100 миллион фунт стерлингке (134 миллион доллар) бағалады.
16 қазанда Ресей және АҚШ президенттері Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Әңгімелесуден кейін Трамп Будапеште Путинмен жеке кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Осыдан кейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Будапештегі саммитке дайындық бойынша ұйымдастыру комитеті құрылғанын хабарлады. Венгрия премьер-министрі Ресей-АҚШ саммитінің Украинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі жоғары екенін айтты.