Тоқаев: қазақстандықтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі беріледі

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев в ходе телемоста открыл автомобильный завод KIA Qazaqstan
Касым-Жомарт Токаев  в ходе телемоста открыл автомобильный завод KIA Qazaqstan  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Жазылу
Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек, дейді президент
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты, деп хабарлады Ақорда.
Президент іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды.
© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев
Касым-Жомарт Токаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін Kia Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды.
© Photo : АкордаТоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
Касым-Жомарт Токаев  в ходе телемоста открыл автомобильный завод KIA Qazaqstan  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты.
"Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын", – деді Тоқаев.
KIA Qazaqstan зауытын салу туралы шешім 2023 жылы қабылданды. Кәсіпорын Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы 62,95 гектар аумақта орналасқан. Зауыт жылына 70 мың көлік өндіре алады.
© Photo : Акорда

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты - Sputnik Қазақстан
1/2

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

© Photo : Акорда

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты - Sputnik Қазақстан
2/2

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

1/2

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

2/2

Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге. Кәсіпорында 1500 жұмыс орны ашылған. Ал оның өнімі Қазақстанға, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің нарықтарына шығарылады.
Жаңалықтар
0