Қазақстан мен Әзербайжан президенттері жаңа Транскаспий паром жүйесін құру жайын талқылады

© Photo : АкордаАқордадағы Қазақстан мен Әзербайжан президенттері арасындағы келіссөздер барысы
Ақордадағы Қазақстан мен Әзербайжан президенттері арасындағы келіссөздер барысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Жазылу
Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Ақордада өткен келіссөздер кезінде Транскаспий паром жүйесін құруды талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен. Ал биылғы көрсеткіштер тағы 2 пайызға артып отыр. Қазіргі кезде дәліз бойында бірыңғай ұзақ мерзімді тариф орнату бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде жүк тасымалының көлемін 10 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік болады.
"Бұдан бөлек, порттардағы терминалдардың қуатын арттыруға назар аударылды. Қазақстан Ақтауда контейнерлік хаб құрылысын жүргізуде. Шетелдік, соның ішінде қытайлық серіктестердің қатысуымен Алят портында салынып жатқан жүк терминалының келешегі зор. Келіссөз барысында жүк экспортына арналған жаңа Транскаспий паром жүйесін құру мүмкіндігін талқыладық", – деді Тоқаев Ақордадағы брифингте.
Бүгінде Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі де артып келеді.
"Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық уран өнімдерін шетел нарықтарына жеткізу аясында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Келіссөздер барысында Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын жеделдетудің маңызын айттық. Үкіметтерге оны қысқа мерзім ішінде әзірлеу жөнінде тапсырма берілді", – деді президент.
Айта кетері, Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен кеше келген. Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан өзі күтіп алды. Бүгін Әзербайжан президентін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды.
Виды Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Әлиев қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін
Жаңалықтар
0