https://sputnik.kz/20251021/petropavlda-er-adam-moynyna-abaysyzda-shege-qadap-algan-58101667.html
Петропавлда ер адам мойнына абайсызда шеге қадап алған
Петропавлда ер адам мойнына абайсызда шеге қадап алған
Sputnik Қазақстан
Рентген зерттеуінен кейін шегенің омыртқаның мойын бөлігінен өткені анықталды 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T18:50+0500
2025-10-21T18:50+0500
2025-10-21T20:05+0500
петропавл
аурухана
шеге
https://sputnik.kz/img/850/58/8505809_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_514bf3fccd3229646f8f19ba49cd7615.jpg
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Петропавлда дәрігерлер мойнына шеге қадап алған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.51 жастағы ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатып, шеге ататын пистолетпен өзіне шеге қадап алған.Ол көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жүгінген.Дәрігерлердің айтуынша, мойын тұстан жарақат алу өте қауіпті. Өйткені мойынның маңайынан үлкен тамырлар, жүйке жүйелері, тыныс алу жолдары және жұлын өтеді. Тіпті кішкене ғана зақым алудың салдары ауыр болуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20251014/shymkentte-er-adam-tanysymen-bastesip-26-qalamsap-zhutqan--57890518.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/850/58/8505809_208:0:1920:1284_1920x0_80_0_0_4276d558f55bccdd079f7cf8b253b7a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, аурухана, шеге
петропавл, аурухана, шеге
Петропавлда ер адам мойнына абайсызда шеге қадап алған
18:50 21.10.2025 (жаңартылды: 20:05 21.10.2025) Рентген зерттеуінен кейін шегенің омыртқаның мойын бөлігінен өткені анықталды
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Петропавлда дәрігерлер мойнына шеге қадап алған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
51 жастағы ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатып, шеге ататын пистолетпен өзіне шеге қадап алған.
Ол көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жүгінген.
"Рентген зерттеуінен кейін шегенің омыртқаның мойын бөлігінен өткені анықталды. Ер адамның көрер жарығы бар екен, өмір сүруіне маңызды органдары зақым алған жоқ. Жақсүйек-бет хирургтары шегені алып, жараны емдеп, науқасты үйіне жіберді", - дейді ведомстводағылар.
Дәрігерлердің айтуынша, мойын тұстан жарақат алу өте қауіпті. Өйткені мойынның маңайынан үлкен тамырлар, жүйке жүйелері, тыныс алу жолдары және жұлын өтеді. Тіпті кішкене ғана зақым алудың салдары ауыр болуы мүмкін.