https://sputnik.kz/20251021/belgiya-ukraina-men-euroodaqty-putin-tramp-kelissozderine-qatysuga-shaqyrdy-58103901.html
Бельгия Украина мен Еуроодақты Путин-Трамп келіссөздеріне қатысуға шақырды
Бельгия Украина мен Еуроодақты Путин-Трамп келіссөздеріне қатысуға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бельгияның сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте кездесу... 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T22:32+0500
2025-10-21T22:32+0500
2025-10-21T22:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56887702_0:91:3237:1913_1920x0_80_0_0_d3d0536b28c684b35bdf8186188f18ee.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бельгияның сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте кездесу мүмкіндігін назарға алып, саммитке Еуроодақ пен Украинаны қатысуға шақырды, деп хабарлады ведомстводағылар РИА Новостиге.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге әзірге Путин мен Трамптың кездесуінің нақты күні туралы келісім жоқ екенін және дайындықтың қиын болатынын айтты.Бұған дейін Еуропалық Одақ Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте өтетін кездесуіне Финляндия президенті Александр Стубб қатысуын ұсынды.Бейсенбі күні Ресей мен АҚШ көшбасшылары Владимир Путин мен Дональд Трамп биылғы жылы сегізінші рет телефон арқылы сөйлесті.Екі жарым сағатқа созылған әңгімеден кейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон екі ел басшыларының Будапештте өтуі мүмкін жаңа кездесуіне дереу дайындала бастайтынын хабарлады. Ушаковтың айтуынша, АҚШ басшысы Венгрия астанасын ұсынған, ал Ресей президенті бұл идеяны қолдаған.Виктор Орбан Будапешттегі саммитке дайындық үшін ұйымдастыру комитетін құруға бұйрық бергенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл жұмыс бейсенбі күні кешке басталған. Венгрия премьер-министрі Ресей-АҚШ саммитінің Украинада бейбітшілік орнату мүмкіндігінің жоғары екенін айтты.
https://sputnik.kz/20251020/tramp-resey-men-ukrainaga-qazirgi-maydan-shebinde-toqtaudy-tagy-usyndy-58041354.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56887702_203:0:2927:2043_1920x0_80_0_0_7c1483073838852b27c12eb9a839250b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бельгия Украина мен Еуроодақты Путин-Трамп келіссөздеріне қатысуға шақырды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бельгияның сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте кездесу мүмкіндігін назарға алып, саммитке Еуроодақ пен Украинаны қатысуға шақырды, деп хабарлады ведомстводағылар
РИА Новостиге.
"Бельгия Будапештте болуы мүмкін кездесу туралы хабарландыруды назарға алды. Бельгия Украинада бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген бастамаға халықаралық құқықты, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық құрметтей отырып қолдау көрсетілуі керек екенін хабарлайды. Бельгия бейбітшілік немесе атысты тоқтату туралы кез келген талқылау Еуроодақтың және Украинаның толық қатысуы арқылы жүргізілуі керек деп санайды", - деп жазылған хабарламада
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге әзірге Путин мен Трамптың кездесуінің нақты күні туралы келісім жоқ екенін және дайындықтың қиын болатынын айтты.
Бұған дейін Еуропалық Одақ Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте өтетін кездесуіне Финляндия президенті Александр Стубб қатысуын ұсынды.
Бейсенбі күні Ресей мен АҚШ көшбасшылары Владимир Путин мен Дональд Трамп биылғы жылы сегізінші рет телефон арқылы сөйлесті.
Екі жарым сағатқа созылған әңгімеден кейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон екі ел басшыларының Будапештте өтуі мүмкін жаңа кездесуіне дереу дайындала бастайтынын хабарлады. Ушаковтың айтуынша, АҚШ басшысы Венгрия астанасын ұсынған, ал Ресей президенті бұл идеяны қолдаған.
Виктор Орбан Будапешттегі саммитке дайындық үшін ұйымдастыру комитетін құруға бұйрық бергенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл жұмыс бейсенбі күні кешке басталған. Венгрия премьер-министрі Ресей-АҚШ саммитінің Украинада бейбітшілік орнату мүмкіндігінің жоғары екенін айтты.