https://sputnik.kz/20251021/aliev-tauly-qarabaqtagy-qurmangazy-atyndagy-ortalyqtyn-zhumysy-zhayynda-aytyp-berdi-58101016.html
Әлиев Таулы Қарабақтағы Құрманғазы атындағы орталықтың жұмысы жайында айтып берді
Әлиев Таулы Қарабақтағы Құрманғазы атындағы орталықтың жұмысы жайында айтып берді
Sputnik Қазақстан
Қазір ол жерде шамамен 100 бала оқып жүр 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T17:36+0500
2025-10-21T17:36+0500
2025-10-21T17:36+0500
қазақстан
әзербайжан
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/15/58097462_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_93b3b41f4acb0675de73619ef9295adc.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақта салынған Құрманғазы атындағы орталықтың жұмысы жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті бүгін Ақордада болды. Сол кезде Әлиев Таулы Қарабақты қалпына келтіруге көмек бергені үшін тағы алғыс айтты. Қазақстан Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық даму орталығын салып берді.Осы орайда Әзербайжан басшысы Қазақстанның осы уақытқа дейінгі мызғымас ұстанымы үшін де өз ризашылығын жеткізді."Біздің жерлерімізді басып алғаннан кейін көп жылдар бойы Қазақстан Әзербайжанның егемендігі мен территориялық тұтастығын үнемі қолдап келді. Біз екіжақты форматта та, қол қойылған құжаттарда да, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы ұстанымы аясында да осы қолдауды әрдайым сезіп отырдық. Сол үшін алғысымыз шексіз. Бүгін жаңа кезең – Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік кезеңі басталды", - деді Әлиев.Айта кетері, өнер орталығының жалпы ауданы – 3100 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат 600 адамға арналған.Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты
https://sputnik.kz/20251021/aliev-qazaqstan-men-azerbayzhannyn-madeni-kunderin-zhii-otkizudi-usyndy-58099945.html
қазақстан
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/15/58097462_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_1a18819ec620374aad75c23d5ef0a5a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әзербайжан, президент
қазақстан, әзербайжан, президент
Әлиев Таулы Қарабақтағы Құрманғазы атындағы орталықтың жұмысы жайында айтып берді
Қазір ол жерде шамамен 100 бала оқып жүр
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақта салынған Құрманғазы атындағы орталықтың жұмысы жайында айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті бүгін Ақордада болды. Сол кезде Әлиев Таулы Қарабақты қалпына келтіруге көмек бергені үшін тағы алғыс айтты. Қазақстан Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық даму орталығын салып берді.
"Құрманғазы атындағы балалардың шығармашылық орталығы белсенді жұмысқа кірісті. Қазір ол жерде шамамен 100 бала оқып жүр. Әрине, практикалық функциясынан бөлек орталық Қазақстан мен Әзербайжан достығының ошағы болып саналады. Қазақстанның Қарабақ аймағын қалпына келтіру мен дамытуға қосқан сыйы үшін алғыс білдереміз", - деді Әлиев.
Осы орайда Әзербайжан басшысы Қазақстанның осы уақытқа дейінгі мызғымас ұстанымы үшін де өз ризашылығын жеткізді.
"Біздің жерлерімізді басып алғаннан кейін көп жылдар бойы Қазақстан Әзербайжанның егемендігі мен территориялық тұтастығын үнемі қолдап келді. Біз екіжақты форматта та, қол қойылған құжаттарда да, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы ұстанымы аясында да осы қолдауды әрдайым сезіп отырдық. Сол үшін алғысымыз шексіз. Бүгін жаңа кезең – Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік кезеңі басталды", - деді Әлиев.
Айта кетері, өнер орталығының жалпы ауданы – 3100 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат 600 адамға арналған.
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.
Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты