Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Ресей, АҚШ және Украина басшыларының кездесуін күтіп отыр

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуВид на город Анкара
Вид на город Анкара - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Түркия әзірге Ресей, АҚШ және Украина басшыларының өз жерінде кездесуі мүмкін екендігі туралы нақты ақпарат алған жоқ, бірақ мұндай оқиғаны күтіп отыр, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жоғары деңгейдегі келіссөзсіз қақтығысты шешу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті.
Анкара "астық мәмілесі" мен гуманитарлық бастамаларға жәрдемдесу тәжірибесіне сүйене отырып, Мәскеу мен Киев арасында делдал болмақшы.
Ердоған Анкараның түпкі мақсаты Украина мәселесі бойынша басшылық деңгейінде кездесу өткізу екенін мәлімдеді. Түркия басшысының айтуынша, ол бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трампты хабардар етті.
"Әзірге нақты процесс жоқ. Бірақ біз күте береміз", - деген дереккөз бұдан басқа ақапарат беруден бас тартты.
Анкарадағы мешіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Украина келіссөздерін қайта қабылдауға дайын
Жаңалықтар
0