https://sputnik.kz/20251020/shymkentte-alayaqtar-erli-zayyptyny-25-mln-tengeden-astam-qarazhatqa-aldagan-58063286.html
Шымкентте алаяқтар ерлі-зайыптыны 25 млн теңгеден астам қаражатқа алдаған
Шымкентте алаяқтар ерлі-зайыптыны 25 млн теңгеден астам қаражатқа алдаған
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударған, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жіберген 20.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-20T22:43+0500
2025-10-20T22:43+0500
2025-10-20T22:43+0500
шымкент
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_42:0:1178:639_1920x0_80_0_0_12eee86ebcef2712c3d7f49ab7d401ea.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қала тұрғыны өзін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырауына алданып, полицияға жүгінген. Алаяқтар азаматшаның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіріп, өз нұсқауларын орындауға көндірген.Нәтижесінде алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдетіп, тіпті олардың үйі мен автокөлігін төмен бағамен сатуға көндірген.Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды Алматы және Шымкент қалаларында анықтады. Олар ұрланған қаражатты Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударған.Полицейлер екі күдіктіні ұстады. Алаяқтық жайты бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20250908/astanada-nesie-alyp-beruge-uade-etken-alayaq-turgyndy-5-mln-tengege-aldap-ketti-56911104.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_189:0:1041:639_1920x0_80_0_0_6c936e4b1bdf1b601b6a9d62bf23fbb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, алаяқтық, қылмыс
шымкент, алаяқтық, қылмыс
Шымкентте алаяқтар ерлі-зайыптыны 25 млн теңгеден астам қаражатқа алдаған
Жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударған, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жіберген
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны өзін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырауына алданып, полицияға жүгінген. Алаяқтар азаматшаның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіріп, өз нұсқауларын орындауға көндірген.
Нәтижесінде алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдетіп, тіпті олардың үйі мен автокөлігін төмен бағамен сатуға көндірген.
"Келтірілген жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударғаны, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жібергені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды Алматы және Шымкент қалаларында анықтады. Олар ұрланған қаражатты Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударған.
Полицейлер екі күдіктіні ұстады. Алаяқтық жайты бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.