Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады

© Sputnik / Владислав ВодневВ Астане приспустили самый большой флаг Казахстана
В Астане приспустили самый большой флаг Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
Оның тек біреуі ғана әйел адам
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Қазақстанда есімі мемлекет атауымен аталған 28 азамат бар, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Олардың көпшілігі Орталық Қазақстанда тұрады.
Қарағанды облысында – 7;
Ақмола облысында – 6 адам;
Қостанай облысында - 3 адам;
Астанада – 3 адам;
Алматыда 2 адам;
Маңғыстау облыстарында 2 адам;
Шымкент қаласында – 2 адам бар.
"Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан", - дейді ведомстводағылар.
Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.
Абай - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2025
Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар
Жаңалықтар
0