Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленскийдің Tomahawk зымырандарын жеткізу туралы өтінішіне нақты жауап бермеді

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленскийдің айтуынша, өзінің Tomahawk зымырандарын беру туралы өтінішіне АҚШ президенті Дональд Трамп "иә" немесе "жоқ" деп нақты жауап бермеген. Алайда америкалық БАҚ-тың мәліметінше жұма күні Ақ үйде өткен жеке кездесуде АҚШ басшысы бұл өтініштен бас тартқан.
CNN телеарнасының хабарлауынша "ашық әрі шынайы" әңгіме барысында Трамп Зеленскийге алысқа ұшатын зымырандар берілмейтінін жеткізген. Ал Axios порталының мәліметінше, АҚШ әзірге Украинаға Tomahawk зымырандарын беруді жоспарлап отырған жоқ.
"Президент Трамп "жоқ" деп айтқан жоқ, бірақ ол бүгін "иә" деп те жауап бермеді", - деді Зеленский NBC News арнасына берген сұхбатында.
Трамп пен Зеленскийдің алдағы кездесуі қарсаңында, бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті телефон арқылы сөйлесті. Екі тарап Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Кейін Трамп Путинмен Будапештте жеке кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Здание Верховной рады в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Tomahawk зымырандарын Украинаға беру процесі уақытша тоқтатылды – Рада
Жаңалықтар
0