Парижде Луврды тонап кетті

© Sputnik / Ирина Калашникова / Медиабанкке өтуИнсталляция на пирамиде Лувра в честь её 30-летия
Инсталляция на пирамиде Лувра в честь её 30-летия - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2025
Жазылу
Ұрылар оқиға орнынан мотороллермен қашқан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Париж қаласында Лувр музейін тонап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан BBC порталына сілтеме жасап.
Францияның мәдениет министрі Рашида Дати музейдің тоналғанын растады. Осыған байланысты ғимаратты бір күнге жауып тастады. Алайда нақты қандай заттардың ұрланғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
"Бүгін Лувр музейін таңертең ашқанда тонау болды", - деп жазды Дати.
Ал Le Parisien газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер құрылыс жұмыстарын пайдаланып, ғимараттың Сена өзеніне шығатын қасбетінен кірген. Одан кейін жүк лифтімен Аполлон галереясына өткен. Терезені сындырып, Наполеон мен патшайымның зергерлік коллекциясынан тоғыз затты ұрлап кетті.
Ұрылар оқиға орнынан мотороллермен қашқан. Қазіргі кезде ұрланған заттардың құны бағаланып жатыр.
Музей әкімшілігі осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Алматыда Музей түні өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Алматыда "Музей түні" өтіп жатыр
Жаңалықтар
0