Көктайғақ пен тұман: синоптиктер ескерту жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевКөктайғақ пен тұман: синоптиктер ескерту жасады
Көктайғақ пен тұман: синоптиктер ескерту жасады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2025
Жазылу
Бұдан бөлек, синоптиктер ертең жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазгидромет 19 қазандағы ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жексенбі күні бірқатар өңірде екпіні 15-20 м/с қатты жел соғады. Олар:
Маңғыстау облысының оңтүстігі;
Павлодар облысының батысы мен солтүстігі;
Солтүстік Қазақстан облысының облыстың оңтүстігі мен шығысы;
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы мен орталығы;
Жетісу облысының шығысы;
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі;
Түркістан облысының тау асулары;
Қостанай облысының батысы мен солтүстігі;
Жамбыл облысының таулы аудандары;
Абай облысының орталығы.
Ал Ақтау, Астана, Орал, сондай-ақ, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысында таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.
Бұдан бөлек, синоптиктер ертең жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.
Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі.
Неустойчивая погода, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Қар және көктайғақ: 13 қазанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0