Астанада такси жүргізушісі адамдарды тасып жүріп, үзілісте есірткі жасырып келген

Астанада такси жүргізушісі есірткі жасырып келген
Астанада такси жүргізушісі есірткі жасырып келген - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2025
Жазылу
Оның автокөлігінен шамамен 50 түйіншек мефедрон тәркіленген
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Елорда полицейлері "есірткі жасырған" такси жүргізушісін ұстады.
Жедел іс-шаралар барысында елордада есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 35 жастағы ер адам ұсталды.
Такси жүргізушісінің автокөлігінен полицейлер шамамен 50 түйіншек мефедрон тәркіледі.

"Анықталғандай, күдікті жолаушыларды тасымалдаумен қатар, интернет-мессенджерлер арқылы тапсырыс алып, "тауарды" жеткізіп отырған. Ол есірткіні алғаннан кейін қаладағы түрлі аудандарға такси тапсырыстары арасындағы үзілісте "жасырып" кеткен", - дейді полиция.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тарату және делдалдық жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Есірткі жасырған астаналық келіншек 16 жасында қалай сотталғанын айтып берді
Жаңалықтар
0