Ресейлік RT телеарнасына 20 жыл толды

© Sputnik / Наталья СеливерстоваЛоготип телеканала RT
Логотип телеканала RT - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
RT халықаралық телевизия желісі 2005 жылы іске қосылды
АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. RT телеарнасы 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.
RT халықаралық телевизия желісі 2005 жылы іске қосылды. Осы жылдар ішінде ол бүкіл әлем бойынша ең сұранысқа ие медиа жобалардың біріне айналды. RT брендімен сегіз арна ағылшын, испан, араб, неміс, француз, серб тілдерінде ақпарат таратады және екі деректі арна бар.
Соңғы жиырма жылда RT жұмысы табысты болғанына оның даму хронологиясы дәлел:
2005 — ағылшын тілінде халықаралық арнаның ашылуы;
2007 — араб арнасының іске қосылуы;
2009 — испан арнасы.
2010 — RT America іске қосылды;
2013 — Ruptly атты жеке видеоагенттігінің ашылуы;
2014 — Лондоннан RT UK арнасы іске қосылды;
2018 – француз тілінде хабар тарату;
2021 – неміс тілінде хабар тарату;
2024 жыл – серб тіліндегі хабар тарату.
© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуRussia Today телеарнасының Мәскеудегі студиясы
Студия телеканала Russia Today в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Russia Today телеарнасының Мәскеудегі студиясы
Делидегі RT India арнасы 2025 жылы ашылады деп жоспарланып отыр.
Осы жылдар ішінде RT жаһандық ақпараттық кеңістік үшін күресте барлық халықаралық БАҚ-ты басып озды.
2011 жылы Nielsen зерттеуі бойынша RT АҚШ-тың бес ірі қаласындағы ең танымал халықаралық жаңалықтар арнасына айналды.
2012 жылы RT арнасы Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж қатысқан бағдарлама көрсетілді. Ассанж АҚШ-тың құпия қызметтерінің құжаттарын жариялау арқылы танымал болған. Сол жылы аты аңызға айналған америкалық тележүргізуші Ларри Кинг RT арнасында өз шоуын жүргізе бастады.
2013 жылы RT YouTube-те ең көп қаралған жаңалықтар арнасы болды. Ал 2014 жылы RT-нің жаһандық аудиториясы 700 миллионнан асты. 2015 жылы RT Facebook* жазылушыларының саны бойынша рекорд орнатты.
2018 жылы RT-нің испан тіліндегі сайты оқырмандар саны бойынша барлық халықаралық жаңалықтар арналарының испан тіліндегі сайттарын басып озды. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін араб тілді сайт оқырмандар саны бойынша барлық басқа халықаралық араб тілді БАҚ-тардан басып озды.
© Sputnik / Владимир АстапковичRT France телеарнасының Мәскеудегі студиясы
Ведущая в студии телеканала RT France в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
RT France телеарнасының Мәскеудегі студиясы
2020 жылы RT YouTube-те 10 миллиардтан көп қаралым жинаған алғашқы жаңалықтар арнасы болды. RT барлық жаңалықтар арнасын, соның ішінде BBC, CNN, Al Jazeera, Euronews және Fox News-ті көру саны бойынша басып озды.
2021 жылы YouTube сайтындағы RT en Español 6 миллионнан астам оқырманы бар испан тіліндегі ең танымал жаңалықтар арнасына айналды.
RT телеарнасын 100-ден астам елде 900 миллионнан астам көрермен тәулік бойы көре алады.
RT – Emmy сыйлығына 11 рет ұсынылған жалғыз ресейлік телеарна.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
Россия сегодня ХАА бас директоры Дмитрий Киселев, Ресей президенті Владимир Путин и RT телеарнасының бас редаторы Маргарита Симоньян - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Ресей президенті Russia Today қызметкерлерін телеарна мерейтойымен құттықтады
Жаңалықтар
0