Қытай көшелерінде робот иттер патрульдеу жүргізе бастады

© AP Photo / Darko VojinovicРобот-ит
Робот-ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Олар жасанды интеллект "миымен" және мүмкіндігі жоғары камерамен жабдықталған
АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласының полициясы көшелерді патрульдеу үшін робот иттерді пайдалана бастады, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың Global Times ггазетіне сілтеме жасап.
Агенттік хабарлауынша, Қытайдың көптеген қаласы роботтарды мұндай сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, мамыр айында Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында вокзалды патрульдеу үшін робот иттерді пайдаланылды.
"Жақында робот ит Ханчжоу қаласының Цинбо ауданындағы Наньшань көшесінде жергілікті құқық қорғау органдарына көмектесу үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізе бастады", - делінген хабарламада.
Жасанды интеллект "миымен" және мүмкіндігі жоғары камерамен жабдықталған робот ит айналадағы жағдайды қабылдап, "ақылды шешім" қабылдай алады.
Басылым хабарлағандай, құрылғы заңсыз тұрақтарды, жабылған жолдарды және рұқсатсыз жалғанған электр сымдарын анықтй алады. Робот осы заң бұзушылықтарды анықтаған соң, оны видеоға түсіре бастайды, кейін оны құқық қорғау органдары дәлел ретінде пайдаланады. Толық қуаты бар робот ит 3-4 сағат жұмыс істей алады.
Өрт сөндірушілер робот-құтқарушыны меңгеріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Елде өрт сөндіру кезінде робот-құтқарушыны қолдану қарастырылып жатыр
Жаңалықтар
0