Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс - Тоқаев

© Photo : АкордаАқордадағы құттықтау шарасы
Ақордадағы құттықтау шарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Президент мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін айтты.
© Photo : АкордаҚұтқарушыларды құттықтау шарасы
Токаев поздравил спасателей с профессиональным праздником - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Құтқарушыларды құттықтау шарасы
"Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты. Ол былтыр елдегі су тасқынын, Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртін мысал ретінде келтірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты.
© Photo : АкордаҚұтқарушыларды құттықтау шарасы
Токаев поздравил спасателей с профессиональным праздником - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Құтқарушыларды құттықтау шарасы
"Осыдан бес жыл бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды, ал осы салаға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы екі жарым есе көбейді. Бір сөзбен, нақты және тиімді шаралар қабылдана бастады. Атап айтқанда, 1700-ден астам арнайы техника алынды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станциясы салынды", - деді президент.
Мемлекет басшысы соңғы екі жыл ішінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсті, енді оларға арнайы үстемеақы төленетінін де еске салды.
"Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мемлекеттік органдар құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі үшін барынша шара қабылдауға міндетті. Өте қиын, қауіпті, бір емес, бірнеше бағытта дайындықты қажет ететін осынау мамандықты насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары, өнер адамдары үлес қоса алады. Нағыз құтқарушылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді меңгерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Тоқаев премьер-министрге үкімет бағдарламасын реттеуге қатысты нақты тапсырма берді
Жаңалықтар
0