"Қарағанды-Астана" тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"Камаз"
Камаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Полиция "Қарағанды-Астана" тас жолындағы жол апатының мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Estima көлігінің 22 жастағы жүргізушісі бір бағытта келе жатқан "КамАЗ"-дың артына соғылған.
"Toyota Estima жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы көліктің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қарағанды облысы полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтауға, ал, ең бастысы, жылдамдық режимін асырмауға үндеп отыр.
Тепловоз  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозға соғылып, пойыздар кешікті
Жаңалықтар
0