https://sputnik.kz/20251017/oyyn-kezinde-ayagyn-ustay-aldy-almatylyq-zhas-futbolshy-qaytys-boldy-57975794.html
Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды - дәрігерлер мән-жайды айтты
Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды - дәрігерлер мән-жайды айтты
Sputnik Қазақстан
Оны зембілмен алып кеткен кезде футболшы кеудесін ұстап жатқан 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T10:43+0500
2025-10-17T10:43+0500
2025-10-17T11:26+0500
алматы
футбол
жарақат
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/11/57975142_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_2c791c7af178a2f26d0b9fa97eba4261.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Алматылық "Хан-Тәңірі" футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Екібастұз" клубына қарсы кешегі ойын кезінде Диастың қалай жарақат алғаны көрінбей қалды. Бірақ бас кезінде ол аяғын ұстап жатқан. Одан кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетті.Эфир кезінде оны зембілмен алып кеткенін анық көруге болады. 19 жастағы футболшы кеудесін ұстап жатқан. Артынан Қазақстанның футбол федерациясы Диастың қайтыс болғанын хабарлады.Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сол жерде болған жедел жәрдем Диас Төлеуді орталық клиникалық ауруханаға жеткізген. Аураханаға түскенде футболшының тамыр соғуы мен артериялық қысымы болмаған. Ал көз қарашығы үлкейіп кеткен."Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады. Алайда өмір сүру белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді", - дейді дәрігерлер.Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама кезінде өлімнің себебі анықталады.
https://sputnik.kz/20250924/zhenis-futbol-klubynyn-19-zhastagy-oyynshysy-koz-zhumdy-57328612.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/11/57975142_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_13b3edd9a7295330c221ac64c770bba6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, футбол, жарақат
Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды - дәрігерлер мән-жайды айтты
10:43 17.10.2025 (жаңартылды: 11:26 17.10.2025) Оны зембілмен алып кеткен кезде футболшы кеудесін ұстап жатқан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Алматылық "Хан-Тәңірі" футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Екібастұз" клубына қарсы кешегі ойын кезінде Диастың қалай жарақат алғаны көрінбей қалды. Бірақ бас кезінде ол аяғын ұстап жатқан. Одан кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетті.
Эфир кезінде оны зембілмен алып кеткенін анық көруге болады. 19 жастағы футболшы кеудесін ұстап жатқан. Артынан Қазақстанның футбол федерациясы Диастың қайтыс болғанын хабарлады.
"Қазақстан футбол федерациясы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып хабарлайды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз", - делінген ресми хабарламада.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сол жерде болған жедел жәрдем Диас Төлеуді орталық клиникалық ауруханаға жеткізген. Аураханаға түскенде футболшының тамыр соғуы мен артериялық қысымы болмаған. Ал көз қарашығы үлкейіп кеткен.
"Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады. Алайда өмір сүру белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді", - дейді дәрігерлер.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама кезінде өлімнің себебі анықталады.