Lenovo басшысын өлтіруге тапсырыс берген: күдікті Дубайда ұсталды

© AP Photo / J Pat CarterАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Дубайда Қазақстан азаматы Lenovo басшысын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті Қазақстан интерпол ұлттық орталық бюросы сұрауы бойынша құрықталды.
"Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша халықаралық іздеу жарияланған", - дейді полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директоры Ермек Жақыпжановты қастандықпен өлтіруді ұйымдастырған.
"Күдікті техника жеткізуге байланысты алған қарызын қайтармаған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген. Айта кетері, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын", - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, былтыр 10 қазанда Lenovo компаниясының 42 жастағы басшысының мәйіті Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінен табылған.
Детишки-попрошайки носят с собой объявления с номером телефона, привязанным к счету в банке - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Lenovo басшыларының бірі Ермек Жақыпжанов өлі күйінде табылды
Жаңалықтар
0