https://sputnik.kz/20251017/eo-ukrainaga-reseylik-aktivterdin-esebinen-tagy-25-mlrd-euro-bermek-57998538.html
ЕО Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 млрд еуро бермек
ЕО Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 млрд еуро бермек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Еурокомиссия Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 миллиард еуро кредит беруді ұсынды, деп хабарлайды Politico. 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T15:34+0500
2025-10-17T15:34+0500
2025-10-17T15:34+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Еурокомиссия Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 миллиард еуро кредит беруді ұсынды, деп хабарлайды Politico.Қыркүйек айында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің тыйым салынған активтерін пайдалана отырып, Украинаға жаңа кредит беруді ұсынды. Ол Киев кредитті Мәскеу "репарация" төлеген жағдайда ғана төлеуге міндетті болатынын атап өтті. Дегенмен Еуроодақ ішінде бұл мәселе бойынша келісім жоқ.Politico атап өткендей, ЕО бастапқыда 140 миллиард еуро сомасындағы активтерді пайдалана отырып кредит бермек болған. Енді жеке банктердегі қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Басылымның жазуынша, онда тағы 25 млрд жатыр.Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕО Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 млрд еуро бермек
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Еурокомиссия Украинаға ресейлік активтердің есебінен тағы 25 миллиард еуро кредит беруді ұсынды, деп хабарлайды Politico.
"Репарациялық кредит" бастамасын Еуроодақ аясында бұғатталған басқа активтерге қолдану мүмкін бе, жоқ па, соны зерделеу қажет", - деп жазылған ұйымға мүше мемлекеттерге жіберілген ЕО-ның ішкі құжатында.
Қыркүйек айында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің тыйым салынған активтерін пайдалана отырып, Украинаға жаңа кредит беруді ұсынды. Ол Киев кредитті Мәскеу "репарация" төлеген жағдайда ғана төлеуге міндетті болатынын атап өтті. Дегенмен Еуроодақ ішінде бұл мәселе бойынша келісім жоқ.
Politico атап өткендей, ЕО бастапқыда 140 миллиард еуро сомасындағы активтерді пайдалана отырып кредит бермек болған. Енді жеке банктердегі қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Басылымның жазуынша, онда тағы 25 млрд жатыр.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.