Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем енгізіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы тұрақ
Астанадағы тұрақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Мәжіліс депутаттары елордалық автокөлік жүргізушілерінің мәселесіне назар аударды
АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем енгізіледі. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәжіліс депутаты Асылбек Нұралиннің сауалына берген жауабында айтты.
Бұған дейін халық қалаулысы пайдаланылмаған тұрақ уақыты үшін елорда тұрғындарына ақшаны қайтаруды талап еткен. Әкімдік "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен келісімшартты бұзғаннан кейін шешілмеген мәселелер қалды, деп мәлімдеді депутат.
Мысалы, аймақтар бойынша тарифтердің әртүрлі болуы және бірыңғай төлем жүйесінің болмауы, сондай-ақ әуежайда 15 минуттық лимиттен асқаны үшін айыппұл төлеу мәселесі бар.
Жеңіс Қасымбек айтуынша, Астанада шлагбаумы бар алаңдық үлгідегі ақылы тұрақтарды енгізу жоспарланып отыр. Онда нөмірлік белгілерді тану функциясы бар фото-видеотіркеудің стационарлық жүйелері орнатылады.
"Бұл ретте тұрақ үшін төлем әр минутқа алынады. Бұл жағдайда тұрақты пайдаланбаған уақыт үшін қаражатты қайтару функциясы қажет емес", - делінген әкімнің депутат сауалына жолдаған жауабында.
Сондай-ақ бүгінде ашық типтегі коммуналдық ақылы автотұрақтар бар, оларға да осындай жүйелерді орнатылады.
Қазіргі уақытта ақылы коммуналдық тұрақтың мынандай тарифтері қарастырылып жатыр:
алаң түріндегі автотұрақ - сағатына 300 теңге;
ашық түрдегі автотұрақ - сағатына 100 теңге.
Бұл ретте жекеменшік автотұрақтар тарифті өздері бекітеді. Жүргізілген талдауға сәйкес, жекеменшік автотұрақтардың құны бір сағат үшін 300 теңгеден 5 мың теңгеге дейін барады, деп жазды әкім.
Жаңалықтар
0