https://sputnik.kz/20251017/aqtobe-oblysynyn-bilim-salasynda-tyn-zhoba-bastaldy-57997677.html
Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды
Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды
Sputnik Қазақстан
Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T15:07+0500
2025-10-17T15:07+0500
2025-10-17T15:10+0500
ақтөбе
білім
жоба
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/16/48749157_62:81:1048:636_1920x0_80_0_0_86a13b582e600291b4f807b193d90ef6.jpg
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысының білім саласында жаңа ауқымды бастама — "5Б" облыстық жобасы өз жұмысын бастады. Тың бастаманың мақсаты және күтілетін нәтижесі туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.2025-2028 оқу жылдарын қамтитын бұл жоба білім мен тәрбие сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және оқушылардың жетістігін көтеруге бағытталған."5Б" жобасы бес негізгі бағыттан тұрады:Басты мақсат – білім беру ұйымдарының даму стратегияларын жетілдіру, педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру. Сонымен қатар жоба аясында мектептердің нақты ахуалына талдау жүргізіліп, әр білім ордасы үшін жеке іс-қимыл жоспарлары әзірленеді."5Б" жобасын Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырып, оған педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, "Білім-инновация" лицейі және бірқатар серіктес ұйымдар қатысып отыр."Күтілетін нәтижелердің бірі – мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі, оқушылардың білім сапасының жақсаруы, заманауи әдістемелер мен цифрлық технологиялардың оқу процесіне енгізілуі. "5Б" жобасы – өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, заманауи, нәтижеге бағытталған мектеп моделін қалыптастыруға арналған кешенді бастама", - дейді басқармадағылар.
https://sputnik.kz/20250918/bolashaq-tulegi-auyl-balalaryna-khalyqaralyq-tazhiribe-negizinde-bilim-berip-zhur-57193314.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/16/48749157_187:61:994:666_1920x0_80_0_0_ce094e54e95f51fb5d5b10e3446fcbfd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, білім, жоба
Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды
15:07 17.10.2025 (жаңартылды: 15:10 17.10.2025) Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысының білім саласында жаңа ауқымды бастама — "5Б" облыстық жобасы өз жұмысын бастады. Тың бастаманың мақсаты және күтілетін нәтижесі туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
2025-2028 оқу жылдарын қамтитын бұл жоба білім мен тәрбие сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және оқушылардың жетістігін көтеруге бағытталған.
"5Б" жобасы бес негізгі бағыттан тұрады:
4Б – Біліктілікті көтеру,
5Б – Білім сапасын арттыру.
"Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезең 2025-2026 оқу жылында Алға, Ырғыз, Әйтеке би аудандарын және Ақтөбе қаласының 10 мектебін қамтиды. Келесі жылдары өзге аудандар да кезең-кезеңімен қатыстырылмақ", - дейді білім басқармасындағылар.
Басты мақсат – білім беру ұйымдарының даму стратегияларын жетілдіру, педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру. Сонымен қатар жоба аясында мектептердің нақты ахуалына талдау жүргізіліп, әр білім ордасы үшін жеке іс-қимыл жоспарлары әзірленеді.
"5Б" жобасын Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырып, оған педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, "Білім-инновация" лицейі және бірқатар серіктес ұйымдар қатысып отыр.
"Күтілетін нәтижелердің бірі – мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі, оқушылардың білім сапасының жақсаруы, заманауи әдістемелер мен цифрлық технологиялардың оқу процесіне енгізілуі. "5Б" жобасы – өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, заманауи, нәтижеге бағытталған мектеп моделін қалыптастыруға арналған кешенді бастама", - дейді басқармадағылар.