Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский әлемдік қауымдастықты Путинге қысымды күшейтуге шақырды

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский халықаралық қауымдастықты Ресей президенті Владимир Путинге қысымды күшейтуге шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Путин әлемнің не айтып жатқанын естімейді, сондықтан әзірге ол түсінетін жалғыз тіл – қысым тілі болып тұр. Санкциялар арқылы, алыс қашықтық қаруы арқылы қысым жасау керек", - деді ол Telegram каналында.
Зеленский бұл АҚШ пен Еуропаға байланысты екенін, олардың күші қақтығыстың ұзақтығына тікелей әсер ететінін мәлімдеді.
Дональд Трамп 17 қазанда Ақ үйде Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отырғанын осы аптаның басында жариялады. Ал Зеленский Ақ үй басшысымен кездесуінде ұзақ қашықтық қаруын тағы да сұрайтынын жеткізді. Өткен аптада Трамп Украинаға америкалық қанатты зымырандарды жеткізуге қатысты шешім қабылдағанын, бірақ Киевтің оларды қалай пайдалануды жоспарлап отырғанын білгісі келетінін мәлімдеді.
Ракета Tomahawk - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп пен Зеленский Tomahawk жеткізуге қатысты мәселені талқылады - БАҚ
Жаңалықтар
0