Батыс Қазақстанда 45 млн теңгесін көбейтіп алмақ болған тұрғын тақырға отырды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды
АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Оралда 45 млн теңгені заңсыз иемденді деген күдікпен 34 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, әйел табысты арттырамын деген желеумен Бөрлі ауданы тұрғынының жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын ақшасын алдап алған.
"Қаражат 2023 жылдың шілде айынан бастап 2025 жылдың қазан айына дейін берілген, бұл жәбірленушіні ұзақ уақыт және жүйелі түрде алдап келгенін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2025
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0