Қарағандыда төтенше жағдай режимі енгізілді

Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2025
Жазылу
Коллектордың бір бөлігі саяжайлар астымен өтеді, дәл осы тұста ақау анықталған
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімі техногендік сипаттағы төтенше жағдайды енгізуге қатысты қаулыға қол қойды. Режимді енгізудің негізгі мақсаты – Федоров су қоймасы аумағында орналасқан №10 кәріз коллекторының бір бөлігін жылдам жөндеу. №145 пен №169 құдықтарының арасындағы 3,2 шақырым құбыр ауыстырылады.
"Коллектордың бір бөлігі саяжайлар астымен өтеді, дәл осы тұста ақау анықталған. Су басу және апаттың алдын алу үшін саяжай аумағын айналып өтетін жаңа айналма желі салынады. Бұл шешім жеке жер телімдеріне тимей жұмыс істеуге және жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде коллектор қалыпты жұмыс істеп тұр. Дегенмен нөсер жауын мен қар еріген кезде апат болуы мүмкін.
"Жұмыстарды тезірек бастау үшін қалада техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл шешім апаттың салдарынан емес, оның алдын алу үшін қабылданған. Арнайы режим арқылы материалдарды жедел сатып алып, құрылыс жұмыстарын ұзақ келісімдерсіз бастауға мүмкіндік туады", - дейді мамандар.
Барлық негізгі жұмыс аен материалдарды жеткізу биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл шаралар ықтимал апатты жағдайлардың алдын алып, кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қолайсыз ауа райы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Павлодар облысының үш қаласында төтенше жағдай жарияланады
Жаңалықтар
0