https://sputnik.kz/20251015/norvegiya-2026-zhyly-ukrainaga-84-mlrd-dollar-boludi-zhosparlap-otyr-57920172.html
Норвегия 2026 жылы Украинаға 8,4 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр
Норвегия 2026 жылы Украинаға 8,4 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Норвегия билігі 2026 жылы Украинаға шамамен 8,4 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, оның 6,9 миллиард доллары әскери көмек... 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T20:19+0500
2025-10-15T20:19+0500
2025-10-15T20:19+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1126/16/11261650_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_19c3d414488fc9d0e1d860fe72c24c29.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Норвегия билігі 2026 жылы Украинаға шамамен 8,4 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, оның 6,9 миллиард доллары әскери көмек ретінде беріледі, деп хабарлады Норвегия үкіметі.Бұған қоса, Осло НАТО елдерінен Украинаға жаңа бірлескен әскери көмек пакеті үшін тағы 2 миллиард крон немесе шамамен 200 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20251015/ulybritaniya-zharty-zhylda-ukrainaga-85-mynnan-astam-dron-zhetkizgen-57893118.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1126/16/11261650_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_3a697ab83b3859c4a41081884715a85e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Норвегия 2026 жылы Украинаға 8,4 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Норвегия билігі 2026 жылы Украинаға шамамен 8,4 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, оның 6,9 миллиард доллары әскери көмек ретінде беріледі, деп хабарлады Норвегия үкіметі.
"Норвегия үкіметі 2026 жылы 85 миллиард Норвегия кроны (8,4 миллиард доллар – ред.) көлеміндегі Украинаға қолдау көрсетудің рекордтық деңгейін сақтауды ұсынып отыр. Он бес миллиард (1,4 миллиард доллар) азаматтық көмек және 70 миллиард (6,9 миллиард доллар) әскери көмек ретінде беріледі", - делінген ел үкіметі сайтындағы баспасөз хабарламасында.
Бұған қоса, Осло НАТО елдерінен Украинаға жаңа бірлескен әскери көмек пакеті үшін тағы 2 миллиард крон немесе шамамен 200 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.