https://sputnik.kz/20251015/astanada-oqushylar-400-ge-zhuyq-botelke-qaqpagynan-qazaqstan-kartasyn-zhasady-57921139.html
Астанада оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Астанада оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Sputnik Қазақстан
Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоқысты қайта қолдануға үйрету 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T22:11+0500
2025-10-15T22:11+0500
2025-10-15T22:11+0500
қазақстан
астана
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0f/57920912_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_76afc2014240624835b96306816a3a6a.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елордада №55 орта мектеп оқушылары "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акция аясында пластик қақпақтарды қайта өңдеп, ерекше экологиялық жобаны жүзеге асырды.Олар күнделікті тұрмыста қажетсіз болып көрінетін заттарға екінші өмір сыйлап, бөтелке қақпақтарынан Қазақстанның көлемді картасын құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.5-11 сыныптар арасында өткізілген қақпақ жинау сайысы арқылы оқушылар арасында экологиялық мәдениет пен белсенділік қалыптасты."Экоәлем" бойынша 832 дана қақпақ жиналды. Ал көлемді карта жасау үшін 397 түрлі-түсті қақпақ жеткілікті болды.Қалған қақпақтар алдағы экологиялық жобаларға сақталып қойылды.Картаны құрастыру жұмысына 5-6 сыныптың "Экоәлем" көшбасшылары мен белсенді ата-аналар да атсалысты. Бірлесе жұмыс істеу балалардың ынтасын арттырып, қоршаған ортаға қамқор болуға үйретті.Бұл жоба – мектеп оқушыларының экологиялық сана-сезімінің артып келе жатқанын көрсететін айқын дәлел. Бөтелке қақпағынан жасалған Қазақстан картасы оқушылардың тек шығармашылық қабілетін емес, сонымен қатар елге, жерге деген сүйіспеншілігін де байқатады.
қазақстан
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0f/57920912_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_b4afce9dbf75fa54879ac7702b0d4110.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, астана, оқушы
Астанада оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоқысты қайта қолдануға үйрету
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елордада №55 орта мектеп оқушылары "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акция аясында пластик қақпақтарды қайта өңдеп, ерекше экологиялық жобаны жүзеге асырды.
Олар күнделікті тұрмыста қажетсіз болып көрінетін заттарға екінші өмір сыйлап, бөтелке қақпақтарынан Қазақстанның көлемді картасын құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоқысты қайта қолдануға үйрету. Бұл игі бастаманы мектептің "Экоәлем" бағыты бойынша жауапты мұғалім Данар Төлегенова ұйымдастырды", - деп жазылған хабарламада.
5-11 сыныптар арасында өткізілген қақпақ жинау сайысы арқылы оқушылар арасында экологиялық мәдениет пен белсенділік қалыптасты.
"Экоәлем" бойынша 832 дана қақпақ жиналды. Ал көлемді карта жасау үшін 397 түрлі-түсті қақпақ жеткілікті болды.
Қалған қақпақтар алдағы экологиялық жобаларға сақталып қойылды.
Картаны құрастыру жұмысына 5-6 сыныптың "Экоәлем" көшбасшылары мен белсенді ата-аналар да атсалысты. Бірлесе жұмыс істеу балалардың ынтасын арттырып, қоршаған ортаға қамқор болуға үйретті.
Бұл жоба – мектеп оқушыларының экологиялық сана-сезімінің артып келе жатқанын көрсететін айқын дәлел. Бөтелке қақпағынан жасалған Қазақстан картасы оқушылардың тек шығармашылық қабілетін емес, сонымен қатар елге, жерге деген сүйіспеншілігін де байқатады.