https://sputnik.kz/20251015/aqtobede-oqushy-qaldyqtardan-qurylys-materialdaryn-ondiretin-zauyt-zhobasyn-azirledi-57913739.html
Ақтөбеде оқушы қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасын әзірледі
Ақтөбеде оқушы қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасын әзірледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін... 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T13:26+0500
2025-10-15T13:26+0500
2025-10-15T15:53+0500
ақтөбе
экология
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25065726_0:73:1397:859_1920x0_80_0_0_590af0bdd6783038314c83b95c6b03f3.jpg
АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың жобасын әзірледі, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.Қуаныш Құснатдин ұсынған жоба экологиялық ахуалды жақсартуға, қоқыс көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға дамытуға бағытталған тың бастама, дейді білім басқармасы.2024–2025 оқу жылында өткен "ProEco" республикалық экологиялық жобалар конкурсында Қуаныштың еңбегі жоғары бағаланып, ол жүлделі ІІ орынды иеленді."Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы. Егер біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытсақ, ертең таза әрі қауіпсіз елде өмір сүреміз. Менің арманым – елімнің экологиясына өз үлесімді қосу және болашақта осындай зауыттардың шын мәнінде іске қосылуын көру", – дейді жас зерттеуші Қуаныш Құснатдин.Оқушыға осы жұмыс барысында аталған орта мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі Камшат Лұқпанова жетекшілік еткен.
https://sputnik.kz/20250907/qazaqstandyq-oqushy-khalyqaralyq-ekonomika-olimpiadasynda-absolyutti-chempion-atandy-56883443.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25065726_78:0:1319:931_1920x0_80_0_0_2fb3a2e4ff953158e4eadfa04bc70789.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, экология, зауыт
Ақтөбеде оқушы қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасын әзірледі
13:26 15.10.2025 (жаңартылды: 15:53 15.10.2025) АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың жобасын әзірледі, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Қуаныш Құснатдин ұсынған жоба экологиялық ахуалды жақсартуға, қоқыс көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға дамытуға бағытталған тың бастама, дейді білім басқармасы.
"Жас зерттеуші зауыттың макетін жасап, нақты технологиялық шешімдер мен іске асыру тетіктерін ұсынды. Жоба 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2030 жылы толық қуатына шығуы жоспарланып отыр", - дейді олар.
2024–2025 оқу жылында өткен "ProEco" республикалық экологиялық жобалар конкурсында Қуаныштың еңбегі жоғары бағаланып, ол жүлделі ІІ орынды иеленді.
"Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы. Егер біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытсақ, ертең таза әрі қауіпсіз елде өмір сүреміз. Менің арманым – елімнің экологиясына өз үлесімді қосу және болашақта осындай зауыттардың шын мәнінде іске қосылуын көру", – дейді жас зерттеуші Қуаныш Құснатдин.
Оқушыға осы жұмыс барысында аталған орта мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі Камшат Лұқпанова жетекшілік еткен.