Үкімет басшысы кредиттерге қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПайыз белгісі
Пайыз белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Қазақстанда инфляция деңгейі 12 проценттен асты
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов тұтынушылық кредиттер бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда инфляция деңгейі 12 проценттен асты. Осыған байланысты үкімет қажетті бірқатар шараны белгіледі. Халыққа тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыруға да ерекше назар аударылып отыр.
"Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет. Банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемді толық ашып көрсетуі тиіс", - деді Бектенов министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары да қысым көрсетіп отыр. Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастырған жөн.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Кредит төлемін комиссиясыз кейінге шегеруге болады – жаңа ереженің талаптары
Жаңалықтар
0