https://sputnik.kz/20251014/singapurlyq-kompaniya-soltustiktegi-iri-zhobaga-230-mln-aqsh-dollaryn-investitsiyalaydy-57891910.html
Сингапурлық компания солтүстіктегі ірі жобаға 230 млн АҚШ долларын инвестициялайды
Сингапурлық компания солтүстіктегі ірі жобаға 230 млн АҚШ долларын инвестициялайды
Sputnik Қазақстан
Жоба Таяу Шығыс, Еуропа, Түркия және Қытай елдеріне қосылған құны жоғары дайын өнімді экспорттауға бағытталған 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T22:40+0500
2025-10-14T22:40+0500
2025-10-14T22:40+0500
ауыл шаруашылығы
бидай
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:52:1081:660_1920x0_80_0_0_65d51924f0800f5bfe63d6cf49cd206b.jpg
АСТАНА, 14 қазан-Sputnik. Сингапурлық компания Қазақстанның мемлекеттік органдары өкілдерімен Қостанай облысында астықты терең өңдеу кешенін салу жөнінде инвестициялық жобаны талқылады, деп жазады АРК жаңалықтары. Жоба жалпы инвестиция көлемі шамамен 230 миллион долларды құрайтын заманауи агроөнеркәсіп кешенін салуды көздейді. Дайындық кезеңінің бір бөлігі ретінде СиЮ ауылшаруашылығы өнімділігі 90 мың тонналық элеватор кешенін және 20 гектардан астам жер телімін сатып алып, жобаны іске қосу үшін қажетті инфрақұрылымды құруда.Кешен лимон қышқылын (жылына 125 мың тонна), тазартылмаған күнбағыс майын (жылына 200 мың тонна шикізат), жем ұны (360 мың тонна), күкірт қышқылын (100 мың тонна) өндіретін өндіріс желілерін қамтиды.Жоба Таяу Шығыс, Еуропа, Түркия және Қытай елдеріне қосылған құны жоғары дайын өнімді экспорттауға бағытталған.Қазақстандық өкілдер мұндай стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
https://sputnik.kz/20250925/astanada-astyq-pen-burshaq-daqyldaryn-ondeytin-zauyttyn-qurylysy-bastaldy-57348760.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_5be1d8838d05b9d365a991afb6eeed1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, бидай, инвестиция
ауыл шаруашылығы, бидай, инвестиция
Сингапурлық компания солтүстіктегі ірі жобаға 230 млн АҚШ долларын инвестициялайды
Жоба Таяу Шығыс, Еуропа, Түркия және Қытай елдеріне қосылған құны жоғары дайын өнімді экспорттауға бағытталған
АСТАНА, 14 қазан-Sputnik. Сингапурлық компания Қазақстанның мемлекеттік органдары өкілдерімен Қостанай облысында астықты терең өңдеу кешенін салу жөнінде инвестициялық жобаны талқылады, деп жазады
АРК жаңалықтары.
Жоба жалпы инвестиция көлемі шамамен 230 миллион долларды құрайтын заманауи агроөнеркәсіп кешенін салуды көздейді.
"Алдын ала есептеулер бұл бастама 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және жыл сайын шамамен 8 миллиард теңге салық түсімдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аймаққа айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсер етеді", - делінген хабарламада.
Дайындық кезеңінің бір бөлігі ретінде СиЮ ауылшаруашылығы өнімділігі 90 мың тонналық элеватор кешенін және 20 гектардан астам жер телімін сатып алып, жобаны іске қосу үшін қажетті инфрақұрылымды құруда.
Кешен лимон қышқылын (жылына 125 мың тонна), тазартылмаған күнбағыс майын (жылына 200 мың тонна шикізат), жем ұны (360 мың тонна), күкірт қышқылын (100 мың тонна) өндіретін өндіріс желілерін қамтиды.
Жоба Таяу Шығыс, Еуропа, Түркия және Қытай елдеріне қосылған құны жоғары дайын өнімді экспорттауға бағытталған.
"Біз Қазақстанда өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық хабы ретінде орасан зор әлеуетті көріп отырмыз. Қостанай облысындағы жоба біздің елдегі ұзақ мерзімді қатысуымыздың жаңа кезеңін білдіреді және біз Қазақстанның өнеркәсіптік және экспорттық базасын дамытуға үлес қосуға ниеттіміз" - деді шетелдік компания.
Қазақстандық өкілдер мұндай стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.