https://sputnik.kz/20251014/semeyde-turgyndar-tikeley-dauys-beru-arqyly-qala-akimin-saylady-57888089.html
Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
Sputnik Қазақстан
Әділет Қожанбаев - ел тарихында тұңғыш рет халық тікелей сайлаған алғашқы әкім 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T17:06+0500
2025-10-14T17:06+0500
2025-10-14T17:25+0500
семей
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0e/57887466_0:2:481:272_1920x0_80_0_0_6fd1dd044447d96fe697cb66d82ecdf7.jpg
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Семейде тұрғындардың дауыс беруі арқылы қала әкімі сайланды. Халықтың басым бөлігі Әділет Қожанбаевты таңдады, деп хабарлайды әкімдік. Семей әкімді тікелей дауыс беру арқылы сайлаған Қазақстандағы алғашқы қала. Әділет Қожанбаев еңбек жолын 2000 жылдан бастап "Крамдсбанк" АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастаған.2001 -2013 жылдары Алматы қаласындағы "БТА Ипотека" АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры болған. 2013-2014 жылдары- "Темірбанк" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры қызметін атқарған.2014 -2021 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да операциялық департамент директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары болса, 2021-2022 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры лауазымын атқарды.2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін — "Абай облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы. Ал күні бүгінге дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметінде болған.Айта кетейік, 26 қазанда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жалғасып жатыр. Сайлауды өткізу бойынша 5 аумақтық, 5 округтік және 25 учаскелік комиссия жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20251012/semeyde-qala-akiminin-saylauy-otip-zhatyr-57832285.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0e/57887466_0:0:481:360_1920x0_80_0_0_273c48a9a75fe2be5efc39bb9dde3528.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей
Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
17:06 14.10.2025 (жаңартылды: 17:25 14.10.2025) Әділет Қожанбаев - ел тарихында тұңғыш рет халық тікелей сайлаған алғашқы әкім
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Семейде тұрғындардың дауыс беруі арқылы қала әкімі сайланды. Халықтың басым бөлігі Әділет Қожанбаевты таңдады, деп хабарлайды әкімдік.
Семей әкімді тікелей дауыс беру арқылы сайлаған Қазақстандағы алғашқы қала.
"Сайлау қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген", - дейді ведомство.
Әділет Қожанбаев еңбек жолын 2000 жылдан бастап "Крамдсбанк" АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастаған.
2001 -2013 жылдары Алматы қаласындағы "БТА Ипотека" АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры болған. 2013-2014 жылдары- "Темірбанк" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры қызметін атқарған.
2014 -2021 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да операциялық департамент директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары болса, 2021-2022 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры лауазымын атқарды.
2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін — "Абай облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Ал күні бүгінге дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметінде болған.
Айта кетейік, 26 қазанда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жалғасып жатыр. Сайлауды өткізу бойынша 5 аумақтық, 5 округтік және 25 учаскелік комиссия жұмыс істейді.