Құны 200 млн теңге: Қазақстан-Ресей шекарасында заңсыз тасымалданған электроника анықталды

© Photo : UnsplashНоутбук
Ноутбук - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Жүк тасымалдау құжаттарына сәйкес, тауар ресейлік алушыларға арналған
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. Ресей-Қазақстан шекарасында Түмен кеденшілері қажетті құжатсыз электрониканың ірі партиясын тасымалдап келе жатқан көлікті анықтады, деп хабарлайды РФ Федералдық кеден қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, техника Қазақстаннан Мәскеуге бара жатқан.
Инспекторлар жүк көлігінен әлемдік брендтердің ноутбуктары, смарт-сағаттары, құлаққаптары, VR көзілдіріктері және басқа да электроникаларын тапты. Жүктің жалпы құны шамамен 200 миллион теңге.
Жүк тасымалдау құжаттарына сәйкес, тауар ресейлік алушыларға арналған, бірақ жүргізушіде кедендік декларацияны растайтын құжаттары болмаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кеден органдары жабдықтың қайдан шыққанын және заңсыз жөнелтудің ықтимал ұйымдастырушыларын анықтап жатыр.
Шекара пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Қазақстан – Ресей шекарасында көлік қозғалысы қиындайды
Жаңалықтар
0