Қазақстанда теледидар мен радио өшіріледі

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанда теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда теледидар мен радио өшіріледі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты теледидар мен радио 13 сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазтелерадио" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Эфир желілерінің жоспарлы-профилактикалық жұмыстары бейсенбі күні өткізіледі.
"2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады", - деліінген ресми хабарламада.
Бұл шаралар сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сол кезде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады.
Айта кетері, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі.
Пульт от телевизора  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Телевидение мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады
Жаңалықтар
0