https://sputnik.kz/20251014/eo-kievti-reseydin-bugattalgan-aktivteri-esebinen-qarzhylandyru-maselesin-talqylaydy-57884860.html
ЕО Киевті Ресейдің бұғатталған активтері есебінен қаржыландыру мәселесін талқылайды
ЕО Киевті Ресейдің бұғатталған активтері есебінен қаржыландыру мәселесін талқылайды
Sputnik Қазақстан
Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T14:17+0500
2025-10-14T14:17+0500
2025-10-20T19:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. 23 қазанда өтетін Еуроодақ саммитінде көшбасшылар Ресейдің бұғатталған активтері негізінде Киевті қаржыландыру мәселесін талқылайды, деп хабарлады Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта саммитке шақыру хатында.Қыркүйек айында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалана отырып, Украинаға жаңа несие беруді ұсынды. Оның айтуынша, Украина несиені Ресей "репарация" төлеген жағдайда ғана қайтарады.Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250917/euroodaq-reseydin-bugattalgan-aktivterin-paydalanu-maselesin-talqylaydy--bloomberg-57163417.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕО Киевті Ресейдің бұғатталған активтері есебінен қаржыландыру мәселесін талқылайды
14:17 14.10.2025 (жаңартылды: 19:47 20.10.2025) Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. 23 қазанда өтетін Еуроодақ саммитінде көшбасшылар Ресейдің бұғатталған активтері негізінде Киевті қаржыландыру мәселесін талқылайды, деп
хабарлады Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта саммитке шақыру хатында.
"Біз Украинаға қолдауымызды қалай күшейтуге болатынын талқылаймыз, алдағы жылдарда елге қаржылық қолдау көрсетуге деген құлшынысымызды растаймыз және Ресейдің бұғатталған активтеріне негізделген ықтимал нұсқаларды қарастырамыз", - делінген құжатта.
Қыркүйек айында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалана отырып, Украинаға жаңа несие беруді ұсынды. Оның айтуынша, Украина несиені Ресей "репарация" төлеген жағдайда ғана қайтарады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.