Алматыда ер адам көршісін көлікпен қасақана қағып кеткен

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматыда ер адам көршісін көлікпен қасақана қағып кеткен
Алматыда ер адам көршісін көлікпен қасақана қағып кеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Алматының Жетісу ауданында ер адам көршісін қасақана көлікпен қаққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқырман оқиғаның қасақана жасалғанын, ал зардап шеккен адам отбасының жалғыз асыраушысы екенін жазған.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиға екі ер адамның арасында тұрмыстық жанжал кезінде болған. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.

Полицейлер кез келген жанжалды тек заң шеңберінде шешу керектігін, әрбір заңсыз әрекет жазаланатынын ескертті.
Қарағанды облысында фермер жайылымына кірген ауыл жылқыларын қырып тастады    - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Қарағанды облысында фермер жайылымына кірген ауыл жылқыларын қырып тастады
Жаңалықтар
0