"Қазақстан табиғатының сұлулығын паш етті" - министрлік Павел Дуровтың әрекеті жайлы

© Photo : Акорда"Қазақстан табиғатының сұлулығын паш етті" - министрлік Павел Дуровтың әрекеті жайлы
Қазақстан табиғатының сұлулығын паш етті - министрлік Павел Дуровтың әрекеті жайлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Жазылу
Экология министрлігі Көлсай көліне шомылған Павел Дуровқа қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Экология министрлігі Көлсай көлдерінде шомылған Павел Дуровқа қатысты мәлімдеме жасады.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба жарияланған болатын.
"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағаны анықталды. Сол себепті бұл әрекетте құқық бұзушылық белгілері жоқ. Кездейсоқ орын алған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген", - деді министрлік.
М️инистрліктің айтуынша, Павел Дуровтың 10 миллионнан астам жазылушысы бар жеке парақшасында жарияланған бейнематериал имидждік сипатқа ие. Ол Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға паш етті. Мұндай ақпараттық қамту елдің туристік әлеуетін жақсартуға қосылған елеулі үлес.
"Десе де аталмыш оқиға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелері туралы туристерді жүйелі түрде хабардар етудің маңыздылығын көрсетті. Бұл өз кезегінде Қазақстанның бірегей табиғатын сақтауға, сондай-ақ елдің эко және жауапты туризм бағытындағы тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады
Жаңалықтар
0