https://sputnik.kz/20251013/politsiya-neshe-minutta-kelui-kerek---ministr-zhauaby-57852498.html
Полиция неше минутта келуі керек - министр жауабы
Полиция неше минутта келуі керек - министр жауабы
Sputnik Қазақстан
Шақыру түскен кезде кезекші жақын жерде жүрген патрульді жіберіп отырады, дейді министр 13.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-13T13:12+0500
2025-10-13T13:12+0500
2025-10-13T13:16+0500
полиция
министрлік
үкімет
https://sputnik.kz/img/00/12/001271_0:128:2418:1488_1920x0_80_0_0_5164693cbc31193a96ebded505e4717d.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов патрульдік полиция шақыруға неше минутта бару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде қалаларда патрульдік полицияның келуіне қатысты нақты уақыт белгіленген.Ал ауылды жерлерде проблема бар. Себебі аудан орталығынан шалғай жатқан ауылға жету үшін біраз уақыт керек."Ал бір учаскелік полицей үш-төрт ауылға қарайды. Меніңше, жедел басқару орталықтары ауылдарды да камера арқылы басқарса, соған жетсек, бұл жағдай да шешіледі", - деді Сәденов.
https://sputnik.kz/20251013/shekteu-zhoq-ministr-qysta-kolikti-zhylytu-tartibin-tusindirdi-57851830.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/00/12/001271_133:0:2285:1614_1920x0_80_0_0_71f83d41cf76332e815c5b6c108ceed3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, министрлік, үкімет
полиция, министрлік, үкімет
Полиция неше минутта келуі керек - министр жауабы
13:12 13.10.2025 (жаңартылды: 13:16 13.10.2025) Шақыру түскен кезде кезекші жақын жерде жүрген патрульді жіберіп отырады, дейді министр
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов патрульдік полиция шақыруға неше минутта бару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қалаларда патрульдік полицияның келуіне қатысты нақты уақыт белгіленген.
"Қалалық жерде нақты регламент бар. Оған сәйкес, жедел басқару орталығына түскен шақыру бойынша қызмет көрсету уақыты - 5-10 минут. Бұл талап көп жағдайда сақталады. Себебі шақыру түскен кезде кезекші жақын жерде жүрген патрульді жіберіп отырады", - деді Сәденов қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында.
Ал ауылды жерлерде проблема бар. Себебі аудан орталығынан шалғай жатқан ауылға жету үшін біраз уақыт керек.
"Ал бір учаскелік полицей үш-төрт ауылға қарайды. Меніңше, жедел басқару орталықтары ауылдарды да камера арқылы басқарса, соған жетсек, бұл жағдай да шешіледі", - деді Сәденов.