Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 13 қазан

© Sputnik / Владислав Воднев Күнтізбе - 13 қазан
 Күнтізбе - 13 қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Жазылу
13 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

13 қазанда болған қызықты оқиғалар

Дүниежүзілік тромбоз күні (World Thrombosis Day) 13 қазанда көптеген елде аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – қанның ұюының бұзылуынан туындайтын өмірге қауіп төндіретін мәселе туралы жұртшылықты хабардар ету. Артериялық тромбоз - инсульт пен миокард инфарктісі себептерінің бірі.
Сонымен қатар бүгін Халықаралық апат қаупін азайту күні тойланады. Мереке алғаш рет 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолциясына сәйкес аталып өткен, мақсаты – апат қаупін азайту үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы мағлұмат беру. Әсіресе, табиғи, экологиялық және техногенді апаттардың құрбаны болу қаупі төніп тұрған елді мекендер мен қауымдастықтарға маңызды ақпарат таратылады.
Бүгін аты аңызға айналған "Битлз" тобының тыңдармандары үшін айтулы мереке, өйткені "битломанияның" ("Битлз" тобына табыну) туған күні 13 қазанда тойланады. "Битломания" деген ұғымның пайда болуы Beatles британдық тобының америкалық телевидениеде алғаш рет ән орындауымен байланысты. Эд Салливанның танымал бағдарламасы 1964 жылы ақпан айында көрсетіле бастаған, сондықтан 2014 жылы бұл қозғалыс өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.

13 қазанда болған тарихи оқиғалар

1492 жылы - Колумб алғаш рет Жаңа Дүниенің (Сан-Сальвадор аралы) жағалауына шықты;
1884 жылы Гринвич нөлдік меридиан өтетін жер болып бекітілді;
1900 жылы Зигмунд Фрейдтің "Түстерді жору" атты кітабы жарық көрді;
1923 жылы Түркия астанасы Стамбулдан Анкараға көшірілді.

13 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы Солтүстік Қазақстан радиосы алғаш рет эфирге шықты.
1950 жылы Қостанай облыстық атқарушы комитетінің шешімімен Қостанай облысы Амангелді ауданы құрамында Арқалық жұмысшылар ауылы құрылды;
1995 жылы Қазақстанда диабет қауымдастығы құрылып, 1996 жылы 176 елден тұратын Халықаралық диабет федерациясы құрамына енді.

13 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1925 жылы Ұлыбританияның 71-ші премьер-министрі (1979-1990 жылдары) болған Маргарет Тэтчер дүниеге келді.
1933 жылы Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының театр және кино режиссері, сценарист, педагог, профессор, КСРО-ның халық әртісі Марк Захаров дүниеге келді;
1934 жылы кеңестік және америкалық театр және кино актері Савелий Крамаров дүниеге келді (фильмдері — "Неуловимые мстители", "Джентльмены удачи", "Не может быть").

13 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1915 жылы режиссер, педагог, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Тоқпанов дүниеге келді;
1938 жылы композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Әсет Бейсеуов дүниеге келді;
1963 жылы мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министр, бұрынғы Алматы әкімі және мемлкекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев дүниеге келді. 2024 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы.
Жаңалықтар
0