"Ақтөбе" ФК жасөспірімдер командасының қорғаушысы қайғылы жағдайда көз жұмды

© Photo : Пресс-служба ФК "Актобе"Защитник юношеской команды ФК "Актобе" Арон Муса
Защитник юношеской команды ФК Актобе Арон Муса - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Жазылу
Арон Муса соңғы кездесуін 4 қазанда өткізді
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. "Ақтөбе" футбол клубы "Ақтөбе ФК" жастар құрамасының қорғаушысы Арон Мұсаның қайтыс болғанын хабарлады.
15 жастағы Арон әжесі және ағасымен бірге қайтыс болды. Қайғылы жағдайдың себебі әлі жарияланған жоқ.
"Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, Арон! Аро №15 - сен біздің жүрегіміздесің!" - деп жазылған клуб жариялаған мәлімдемеде.
Арон Мұса Ақтөбенің 16 жасқа дейінгі құрама сапында 2 тамызда дебюттік ойынын өткізсе, соңғы кездесуі 4 қазанда өтті.
Бұл осы айда футболдағы бірінші өлім емес. 23 қыркүйекте "Павлодар-Астана" тас жолында астаналық "Жеңіс" клубының футболшысы 19 жастағы Виктория Қайсаринова жол апатынан қайтыс болды.
Астанадағы Наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Үш метр биіктен құлады: Жезқазғанда Наурызға дайындық кезінде қайғылы жағдай болды
Жаңалықтар
0