"Саламатты Қазақстан" пойызы Жетісу облысында 3 мыңға жуық тұрғынға көмек көрсетті

© Photo : Пресс-служба Фонда развития социальных проектов Samruk-Kazyna TrustМедицинский поезд "Саламатты Қазақстан" работает в Северо-Казахстанской области
Медицинский поезд Саламатты Қазақстан работает в Северо-Казахстанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Жазылу
Биыл пойыз барлығы 123 станцияға барып, 90 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетпек
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. "Саламатты Қазақстан" пойызы Жетісу облысында 3 мыңға жуық тұрғынға медицналық көмек крсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда.
"Мамандандырылған дәрігерлер тобы Жайпақ, Достық және Бескөл станцияларында қабылдау жүргізіп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетті. Пойыз жұмысы барысында жалпы 2 855 адам, оның ішінде 1 241 бала тексеруден өтті", - дейді ведомство.
Халыққа терапевт, педиатр, офтальмолог, кардиолог, маммолог және басқа да мамандар қызмет көрсетті. Қажет болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен емделуге жолдамалар берілді.
Жоспар бойынша биыл пойыз барлығы 123 станцияға барып, 90 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетеді. Пойыздың маршруты толыққанды медициналық инфрақұрылымы жоқ елдің өңірлерін қамтиды, дейді министрлік.
Поезд здоровья - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
"Саламатты Қазақстан" пойызы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге барады
Жаңалықтар
0