Тоқаев көгалдандыру көзге түсетін орындармен ғана шектелмеуі керектігін айтты

© Photo : АкордаПрезидент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Президент Нұра ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Жазылу
Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар.
Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты.
Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар "Мыңжылдық" аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын.
"Астанада оң өзгерістер бар. Алдымызда әлі жұмыс көп. Вандализмді қабылдауға болмайды, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек. Қаланы көгалдандыру – ортақ міндет. Бұл жұмыстарды орталық көшелерде, көзге түсетін орындарда ғана жүргізумен шектелуге болмайды", - деді президент.
Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Тоқаев Таза Қазақстан экологиялық акциясына қатысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Тоқаев "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты
Жаңалықтар
0