https://sputnik.kz/20251011/astananyn-zhasyl-beldeuine-zhuzdegen-qyrgauyl-zhiberildi-57787282.html
Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді
Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына шамамен 1500 қырғауыл ұшырылады 11.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-11T11:03+0500
2025-10-11T11:03+0500
2025-10-11T11:03+0500
астана
құс
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57762556_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_7d6605080a537fbe9b0177849de4abaf.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақмола облысы орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына 325 жетісу қырғауылын ұшырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көгалдандыру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Сағыныш Сағынтаевтың айтуынша, елорданың жасыл белдеу аймағындағы жасыл желек, қамыс бұталар, жайылымдар және дәнді дақылдардың агроценозы қырғауылдардың тіршілік етуіне қолайлы."Қырғауылдар аязға төзімді, оларға ерекше күтім қажет емес, тек қыста азықтандыру қажет. Қырғауылдардың қорегі негізінен өсімдік, жидектер, тамырлар. Сонымен қатар бұл құстар жәндіктермен де қоректенеді. Қырғауылдар елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан "фазанарийде" өсіріледі. Құстарға үнемі бақылау жасалып, қадағалау жүргізіледі", – деді Сағыныш Сағынтаев.
https://sputnik.kz/20251001/esil-ozenine-400-mynga-zhuyq-tuqy-shabagy-zhiberildi-57524006.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57762556_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_166171d6befbb37e2e2308bf05fe6d7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құс
Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді
Жыл сайын елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына шамамен 1500 қырғауыл ұшырылады
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақмола облысы орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына 325 жетісу қырғауылын ұшырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бұл құстардың екінші партиясы екенін айта кеткен жөн. Бірінші партияда 850 бас құс биылғы сәуір айында ұшырылған болатын. Жыл сайын елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына шамамен 1500 қырғауыл ұшырылады. Бұл қырғауылдардың мекендеу аясын кеңейтуге, жаңа аумақтарды қоныстандыру арқылы жасанды орман алқабындағы зиянкестерге қарсы биологиялық күрес жүргізуге ықпал етеді", – делінген хабарламада.
Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көгалдандыру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Сағыныш Сағынтаевтың айтуынша, елорданың жасыл белдеу аймағындағы жасыл желек, қамыс бұталар, жайылымдар және дәнді дақылдардың агроценозы қырғауылдардың тіршілік етуіне қолайлы.
"Қырғауылдар аязға төзімді, оларға ерекше күтім қажет емес, тек қыста азықтандыру қажет. Қырғауылдардың қорегі негізінен өсімдік, жидектер, тамырлар. Сонымен қатар бұл құстар жәндіктермен де қоректенеді. Қырғауылдар елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан "фазанарийде" өсіріледі. Құстарға үнемі бақылау жасалып, қадағалау жүргізіледі", – деді Сағыныш Сағынтаев.