Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

© PhotoСалық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды
Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Ол мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды .
Ол 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды.
"Қыркүйек айында күдікті БАӘ аумағында ұсталып, Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды", - дейді прокуратура.
Жасалған қылмыстары үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Еске салайық, биылғы жылы іздеуде жүрген 9 адам Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.
300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0