Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
Жазылу
Ақтауда өткен іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстанның білім министрлігі TurkicSkills - 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының нәтижелерін жариялады.

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
Алғаш рет қазақстан бастамасымен ұйымдастырылған чемпионат Ақтауда 4-9 қазан аралығында өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Венгрия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас мамандары жиналды.

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
Қатысушылар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын он құзыреттілікте бақ сынасты. Нәтижесінде Қазақстанның қоржынына 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 "Үздік медальон" түсті.

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
"Бұл Түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын маңызды оқиға. Бұл күндер достықтың, өзара түсіністіктің және тәжірибе алмасудың жарқын үлгісі болды. Чемпионатты өткізу еліміздің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, кәсіптік білім беру сапасын одан әрі арттыруға септігін тигізеді", — деді білім вице-министрі Асылбек Ахметжанов.

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
TurkicSkills - 2025 чемпионатын өткізудің ауқымы мен сапасы Қазақстанның кәсіби шеберлік бойынша әлемдік жарыстарды ұйымдастыруға толық дайындығын көрсетеді, деп атап өтті WorldSkills International Кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш.
"Жинақталған тәжірибе болашақта WorldSkills немесе WorldSkills Europe деңгейіндегі чемпионаттарды қабылдауға берік алғышарттар жасайды", — деді Рэй Инглиш.

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 чемпионатында алты алтын алды
Чемпионатқа 5 мыңнан астам адам қатысты, ал колледждер мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы 100-ге жуық меморандум жасалды.

